"Цеснабанк" АҚ KZP01Y07E083 (KZ2C00001758, TSBNb11) облигациялары 01 ақпаннан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

01.02.12 16:33
/KASE, 01.02.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қаңтарындағы шешімімен "Цеснабанк" АҚ (Алматы) KZP01Y07E083 (KZ2C00001758; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 01.02.12 – 01.02.19, жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2012 жылдың 01 ақпанынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Цеснабанк" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай акцияларға TSBNb11 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/rgnl мекен-жайы бойынша 2012 жылдың 01 ақпанында жарияланады.