"REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Қазақстан) мүшеліктен өз еркімен бас тартумен KASE қор нарығы мүшелігінен шығарылды

01.02.12 17:36
/KASE, 01.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржалық кеңесінің шешімімен "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE қор нарығы мүшелігінен шығарылды. Бұл "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ KASE мүшесі еместігін және биржада қандай да бір құралдарды сатуға құқығы жоқ дегенді білдіреді. Аталған шешім "Мүшелік туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 37 тармағы 1 тармақшасына сәйкес "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ KASE қор нарығындағы мүшелігінен өз еркімен бас тарту туралы 2012 жылдың 12 қаңтарындағы өтінішінің негізінде қабылданды.