/KASE, 01.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) биржаға
жолдаған ресми хатында өзінің инфрақұрылымдық KZ2CKY23B672
(KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1;
1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен
индекстелінген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,75 %,
30/360) облигациялары бойынша алтыншы купондық сыйақысын төлеу
бойынша берешегін ішінара өтегені туралы хабарлады.
Аталмыш хатта "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ былай деп хабарлады:
Бекітілген "ДТЖ" АҚ Іс-шаралар жоспарына сәйкес, теміржол линияларының
эксплуатациясынан шоғырландырылған қаржылардан, 2012 жылдың 26 қаңтарында
"АТФБанк" АҚ төлем агенті арқылы купондық сыйақының қалған бөлігінің,
барлық облигация ұстаушыларына 6-шы купондық кезеңге есептелген сыйақының
2% көлемінде бесінші төлемін жасады. "АТФБанк" АҚ 2012 жылдың
27 қаңтарындағы #2015/645 хатында "ДТЖ" АҚ облигация ұстаушыларына
2012 жылдың 27 қаңтарында 44 690 508,70 (қырық төрт миллион алты жүз
тоқсан мың бес жүз сегіз) теңге 70 тиын көлемінде сыйақы төлегені
туралы хабарлады, төленбеген сыйақы қалдығы
134 071 526,10 теңгені құрайды.
Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ аталмыш облигацияларының шығарылым
аңдатпасына сәйкес, алтыншы купондық кезеңге сыйақыны төлеуді
2011 жылдың 02 тамызынан 15 тамызына дейін жүзеге асыруы тиіс
болатын.
Бұдан бұрын осы тақырыпта келесі KASE жаңалықтары жарияланған:
- 2012 жылдың 13 қаңтарында "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің
KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларының 6-шы купонын
төлеу бойынша берешегін ішінара өтегені туралы хабарлады" –
http://www.kase.kz/ru/news/show/1160536
- 2011 жылдың 05 желтоқсанында "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің
KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларының 6-шы купонын
төлеу бойынша берешегін ішінара өтегені туралы хабарлады" -
http://www.kase.kz/ru/news/show/1154149
- 2011 жылдың 02 қарашасында "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АО өзінің
KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларының 6-шы купонын
төлеу бойынша берешегін жартылай өтегені туралы хабарлады" –
http://www.kase.kz/news/show/1151023
- 2011 жылдың 05 қазанында "АТФБанк" АҚ хабарлағандай, "Досжан темір
жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1)
облигацияларының 6-шы купонын төлеу бойынша берешегін жартылай
өтеді –
http://www.kase.kz/news/show/1148337
- 2011 жылдың 21 қыркүйегінде "АТФБанк" АҚ" хабарлағандай, "Досжан
темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701,
DTJLb1) облигацияларын ұстаушылардың мүдделерін қорғау бойынша
шаралар қолданды" –
http://www.kase.kz/news/show/1147196
- 2011жылдың 18 тамызында " АТФБанк" АҚ" хабарлағандай, "Досжан темір
жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1)
облигацияларының 6-шы купонын төлеу бойынша қалған берешегін
2012 жылдың наурыз айына дейін өтеуді көздеді" –
http://www.kase.kz/news/show/1144585
- 2011 жылдың 16 тамызында " АТФБанк" АҚ" хабарлағандай, "Досжан темір
жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1)
облигацияларының 6-шы купонын төлеу бойынша жартылай дефолтқа жол
берді" –
http://www.kase.kz/news/show/1144337
- 2011 жылдың 15 тамызында "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан)
өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларының 6-шы
купонын жартылай төлегені туралы хабарлады" –
http://www.kase.kz/news/show/1144177
Өз облигациялары бойынша дефолтқа жол берген листингілік
компаниялардың тізімі KASE веб-сайтының "Эмитенттер" бөлімінде
("дефолт" қосымша бетінде)
http://www.kase.kz/kz/emitters
мекен-жайы бойынша қол жеткізерлік.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды.
Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.