"Қант" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
01.02.12 15:21
/KASE, 01.02.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қант" АҚ (Тараз, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компания тіркеушісі "Зерде" тіркеушісі" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C35690011, KZ000A1CTMN0 жай
акцияларының жалпы саны 11 587 500 дана, артықшылықты
KZ1P35690513, KZ1P00000319 акциялар саны – 3 862 500 дана;
- компанияның 6 890 131 жай акциясы және 10 423 акциясы
орналастырылған;
- компания өзінің 60 артықшылық акциясын қайта сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
"GAS DEVELOPMENT" болып табылады, оның иелігінде компанияның
6 860 881 жай акциясы (компанияның орнылыстырылған акцияларының
жалпы санынан 99,83 % немесе орналастырылған компанияның жай
акцияларының 99,98 %) бар.