02 ақпаннан бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) XS0234398245, US486668AA44 (KKGBe24) халықаралық облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

01.02.12 14:28
/KASE, 01.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2012 жылдың 02 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Қазкоммерцбанк" АҚ (Алматы) XS0234398245, US486668AA44 (KASE ресми тізімі "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар", KKGBe24; $100,0 млн; мерзімсіз, айналысқа ену күні 09.11.05, жарты жылдық купон, 09.11.15 дейін – жылдық 9,20 %, бұдан әрі – АҚШ долларындағы LIBOR ұсынысының үш айлық мөлшерлемесі жылдық + 6,1905 %, 30/360) халықаралық облигациялары бойынша сауда- саттық ашылады. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның "таза емес" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Қазкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2011 жылдың 03 қарашасынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kkgb мекен-жайы бойынша жарияланған.