KASE 2012 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE индексінің мәніне ықпал ететін акциялардың параметрлерін өзгертті

01.02.12 11:49
/KASE, 01.02.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Тәуекел комитетінің 2012 жылдың 01 ақпанындағы шешімімен KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін, акциялардың жаңа параметрлерін, - еркін айналыстағы акциялардың үлесі мен шектелімді коэффициенттерді анықтады. Төменде KASE индексінің мәніне ықпал ететін акциялардың 01 ақпанға дейін қолданыста болған және жаңа параметрлері келтірілген кесте берілген. --------------------------------------------------------------------------- 2012 жылдың 01 ақпанынан енеді 2012 жылдың 01 ақпанына дейін қолданылды ------------- ------- ----------- ------------- ------- ----------- орналасты- free шектелімді орналасты- free шектелімді Акция рылған акция- float коэффициент рылған акция- float коэффициент коды лардың саны (Fi), % (Ri) лардың саны (Fi), % (Ri) ------- ------------- ------- ----------- ------------- ------- ----------- CCBN 162 456 800 27,2 1,0000000 162 456 800 27,2 1,0000000 GB_ENRC 1 287 750 000 18,6 0,0373802 1 287 750 000 18,6 0,0424281 GB_KZMS 535 417 961 43,1 0,0250805 535 240 338 43,1 0,0321447 HSBK 1 091 143 839 24,6 0,2870285 1 091 166 111 24,7 0,2868657 KKGB 778 625 062 7,3 1,0000000 778 625 062 7,3 1,0000000 KZTK 10 872 961 22,1 0,2935837 10 867 097 22,1 0,3935848 RDGZ 70 106 472 38,5 0,0396455 70 110 303 38,5 0,0410419 --------------------------------------------------------------------------- Бұған қоса, Тәуекел комитетінің аталмыш шешімімен 2012 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 4,0338234 қолданылады. Аталған күнге дейін К 3,3074600 тең болды. КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулылар акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады. Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Индекс беті http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жайы бойынша жарияланған. Акция коды: KASE-де сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетеді. Эмитенттер кодтары: CCBN – "ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; GB_ENRC – EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC; HSBK – "Қазақстанның Ұлттық жинақ банкі; KKGB – "Казкоммерцбанк" АҚ; KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; RDGZ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ. Орналастырылған акциялар саны – листингілік компаниялар акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде KASE қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырған акциялар саны ретінде дербес анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың KASE-дегі құжаттармен расталған санының мәнін ескереді. Free float (Fi), % – эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген мемлекетке, эмитент менеджментіне және акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды ұстаушылар және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын, параметр. Шектелімді коэффициент (Ri) – әрбір акциялынң индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.