"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZP01Y07E083 (KZ2C00001758, TSBNb11) облигациялары биржада "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

31.01.12 13:59
/KASE, 31.01.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қаңтарындағы шешімімен "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZP01Y07E083 (KZ2C00001758; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде 2011 жылдың 10 тамызында жалпы сомасы 100,0 млрд. теңгеге тіркеген "Цеснабанк" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі бірінші шығарылымы және аталмыш эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигациялардың он бірінші шығарылымы болып табылады. "Цеснабанк" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға TSBNb11 қысқартылған белгілері (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб- сайтында жарияланады.