S&P "Нұрбанк" АҚ (Қазақстан) рейтингілік бағалауларын төмендетті, болжам "Тұрақты"

30.01.12 16:03
/Standard & Poor's, Франкфурт, 27.01.12, Standard & Poor's ағылшын тілінен аударма, KASE тақырыпшасы/ – Standard & Poor's несие рейтингілерінің қызметі қазақстандық "Нұрбанк" АҚ контрагентінің ұзақмерзімді несие рейтингін "В" деңгейінен "В-" деңгейіне дейін, ал ұлттық шкала бойынша рейтингін "kzBB+" деңгейінен "kzBB-" деңгейіне дейін төмендетті. Сондай-ақ, контрагенттің қысқамерзімді рейтингі "С" деңгейінде расталды. Барлық рейтингілер CreditWatch тізімінен жағымсыз болжаммен шығарылды, мұнда олар 2011 ж. 12 желтоқсанында енгізілген болатын. Рейтингілердің өзгеру болжамы - "Тұрақты". Оған қоса, біз банктің субординацияланған қарызының рейтингін "ССС+" деңгейінен "ССС" деңгейіне дейін және "kzB" деңгейінен "kzCCC+" деңгейіне дейін төмендеттік. "Нұрбанк" АҚ рейингілері банктің бурқалыпты бизнес-позициясын, капиталдау мен табыстылықтың дәл көрсеткіштерін, тәуекел бойынша әлсіз позициясын, қорлаудың орташа көрсеткіштерін және өтімділіктің дәл көрсеткіштерін (критерийлерде келтірілген анықтамаларға сәйкес) байқатады. Банктің өзіндік несиеге қабілеттілігінің сипаттамасына берілген баға (stand-alone credit profile, SACP) – "b-". Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1161841 мекен-жайы бойынша танысуға болады.