JPMorgan Chase Bank, National Association (АҚШ) XS0244509963 (US_JPM_e1) халықаралық облигациялары бойынша 12-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,11808079915659 % құрады

27.01.12 15:15
/KASE, 27.01.12/ – JPMorgan Chase Bank, National Association (Нью-Йорк) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің XS0244509963 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, US_JPM_e1; 10,0 млн теңге, 13,2 млрд теңге; 14.02.06 – 14.02.16, Қазақстандағы инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон; 30/360) халықаралық облигациялары бойынша 2012 жылдың 14 ақпанында аяқталатын, он екінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,11808079915659 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады.