ALTIUS HOLDINGS INC компаниясы (Канада) 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша өзінің акционерлері туралы мәліметтерді биржаға ұсынды
26.01.12 16:41
/KASE, 26.01.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, ALTIUS HOLDINGS INC компаниясы (Калгари, бұдан әрі –
компания) 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша өзінің акционерлері
туралы мәліметтерді биржаға ұсынды.
Компания ақпаратына сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек CA02153E1007 жай акциялары)
акцияларының жалпы саны 182 644 452 дана;
- компанияның барлық акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға,
және, тиісінше жалғыз акционері KNOC BLACK HILL LTD (Канада) болып
табылады.