"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y10D596, (KZ2C00000156, KMGZb2) облигациялары бойынша 5-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

26.01.12 16:09
/KASE, 26.01.12/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2012 жылдың 19 қаңтарында өзінің теңгенің АҚШ долларына девальвациясы деңгейімен индекстелінген KZ2C0Y10D596 (KZ2C00000156, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZb2; 1 000 теңге, 120,0 млрд теңге, 31.10.09 – 30.10.19; құбылмалы жартыжылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 8,920 %, 30/360) облигациялары бойынша бесінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 5 261 817 699,35 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.