KAZAKHMYS PLС компаниясы (Біріккен Корольдік) өзінің қызметінің 2011 жылдағы өндірістік нәтижелерін жариялады

26.01.12 15:53
/KASE, 26.01.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 26 қаңтарындағы баспасөз-бағдарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Бүгін Қазақмыс Тобы 2011 жылдың 12 айы ішіндегі және төртінші тоқсанындағы өндірістік есебін жария етті. Компаниядағы барлық операциялық бөлімшелер алға қойылған міндеттерін сәтті орындап шықты. 2011 жылдың 12 айы ішінде катодты теңгерімдегі мыс өндірісі 301 мың тоннаны құрады, оның ішіндегі 299 мың тоннасы меншікті концентраттан өндіріліп шығарылды. Қосарлы өнімдер өндірісінде де тұрақты нәтижелерге қол жеткізілді. Күміс өндірісі 13 млн. унцияны құрады, алтын өндірісі - 151 мың унцияны және де мырыш концентратының өндірісі – 140 мың тоннаны құрады. Электр энергиясы нарығындағы тұрақты сұраныс, сонымен қатар Екібастұз ГРЭС-1 модернизациялау бағдарламасы Топтың энергетикаық бөлімшесінің өндірістік көрсеткіштерін нығайтуды жалғастырып келеді. 2011 жылдың 12 айы ішінде электр станциясының таза өндірілімі 15 пайызға артып, 12 697 ГВтсағатты құрады. Қолданыстағы таза қуаттылық №5 энергоблокта электр сүзгісінің орнатылуы есебінен және басқа да жұмыс істеп тұрған төрт энергоблоктағы жабдықтарды модернизациялаудың есебінен өткен жылдың көрсеткіштерінен артып түсті. Электр энергиясына деген орташа тариф 20 пайызға жоғарылап, 5,38 теңге/кВт сағатқа жетті. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасы KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша жарияланған: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_260112.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_260112_k.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_260112_e.pdf – ағылшын тілінде.