"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P12280114 (KZ0009094645, KZTKp) артықшылықты акциялары бойынша 2011 жылға дивиденд төлегені туралы

26.01.12 14:32
/KASE, 26.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 25 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Қазақтелеком" АҚ Басқармасының 2011 жылдың 13 желтоқсанындағы шешімін орындау мақсатында компания 2011 жылдың 21-23 желтоқсаны аралығында артықшылықты акциялары бойынша 2011 жылға дивидендтер төледі. Дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2011 жылдың 08 желтоқсанындағы жағдай бойынша жасалды. Сонымен қатар, "Қазақтелеком" АҚ өзінің акционерлеріне "Қазақтелеком" АҚ Тізілімін ұстаушы "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (050036, Алматы қ., Астана ы/а., 8а үй, тел. (727 2) 26-11-64, 26-13-32, ф. 26-11-76) немесе Тізілім ұстаушының филиалдарына банктік есеп-шоттардың жаңа нөмірлерін (ЖСК)*, сәйкестендіру нөмірлерін (жеке тұлғалар ЖСН / заңды тұлғалар БСН) тапсыру қажеттігі туралы мәлімдейді. * Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Банк клиентінің банктік есеп-шоты нөмірінің бірыңғай құрылымға көшіуне байланысты дайындалу шараларын өткізу туралы" 2007 жылдың 24 қазанындағы № 124 Қаулысына сәйкес, осы уақытқа дейін банктік шоттарының жаңа нөмірлерін (ЖСК) тапсырмаған акционерлерге қатысты ескеріледі. "Қазақтелеком" АҚ Жұртшылықпен байланыс қызметі