"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 25 қаңтарында Лондон қор биржасындағы 8 671 ЖДҚ кері сатып алғаны туралы хабарлады
26.01.12 12:36
/KASE, 26.01.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың
26 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп
хабарлады:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың
11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында,
2012 жылдың 25-қаңтары күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ")
үшін орташа бағасы 15,66 АҚШ долларынан Лондон қор биржасында (LSE)
орналастырылған 8 671 ЖДҚ сатып алғанын хабарлайды.
Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан
бері Компания барлығы 1 787 731 ЖДҚ пен 4 160 жай акцияларды сатып
алды.
Байланыстық ақпарат:
"ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7908)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz
"ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс
(+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz
Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147
Елена Добсон
E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk
цитата соңы