"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

26.01.12 10:49
/KASE, 26.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған ( тек KZ1C23640010 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 45 877 483 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға және, тиісінше, жалғыз акционері "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" АҚ (Астана) болып табылады.