2012 жылдың 26 қаңтарынан бастап биржада ББҚ автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттықтар ашылады

26.01.12 09:21
/KASE, 25.01.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы шешімімен 2012 жылдың 26 қаңтарынан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде биржада автоматты репо нарығында мерзімі 28 күндік жаңа қаржы құралдарының сауда-саттығы ашылады, репо операциясының заты ретінде KAZAKHMYS PLС (Лондон) GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялары қолданылады. Репо операцияларына тиісінше GB_KZMS_028. коды берілді. Бұл ретте аталмыш акциялар бойынша мерзімі Intraday құралы алып тасталды (операция коды GB_KZMS_000).