ҚҰБ ҚҚК "Эксимбанк Қазақстан" АҚ (Қазақстан) KZP02Y05C295 (KZ2C00000727, EXBNb2) облигациялары 2011 жылдың 07 маусымынан 07 желтоқсанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

25.01.12 15:00
/KASE, 25.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эксимбанк Қазақстан" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 12 қаңтарындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2011 жылдың 07 маусымынан 07 желтоқсанына дейінгі кезеңде бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы "Эксимбанк Қазақстан" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпаратына сәйкес, 2011 жылдың 07 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Эксимбанк Қазақстан" АҚ аталмыш облигацияларының 27 749 504 данасы орналастырылмаған. Аталмыш (KZP02Y05C295, KZ2C00000727, EXBNb2; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 07.06.07 – 07.06.12; жарты жылдық купон жылдық 9,00 %; 30/360) облигациялар KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына енгізілді.