"Аграрлық несиелік корпорациясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

25.01.12 14:06
/KASE, 25.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несиелік корпорациясы" АҚ (Астана, бұдан әрі –компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C45210016 жай акциясы) акцияларының жалпы саны 65 349 371 дана; - компанияның барлық акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) болып табылады.