"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 24 қаңтарында Лондон қор биржасындағы 26 787 ЖДҚ кері сатып алғаны туралы хабарлады
25.01.12 13:46
/KASE, 25.01.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың
25 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп
хабарлады:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың
11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында,
2012 жылдың 24-қаңтары күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ")
үшін орташа бағасы 15,57 АҚШ долларынан Лондон қор биржасында (LSE)
орналастырылған 26 787 ЖДҚ сатып алғанын хабарлайды.
Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері
Компания барлығы 1 779 060 ЖДҚ пен 4 160 жай акцияларды сатып алды.
Байланыстық ақпарат:
"ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7908)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz
"ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz
Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147
Елена Добсон
E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk
цитата соңы