/қайталау/ 2012 ЖЫЛДЫҢ 30 ҚАҢТАРЫНДА БИРЖАДА "АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y07E152 (KZ2C00001691, PRKRB5) ОБЛИГЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

25.01.12 09:24
/KASE, 25.01.12, 19.01.12 жаңалықты қайталау/ – 2012 жылдың 30 қаңтарында KASE сауда-саттық жүйесінде "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Алматы) KZ2C0Y07E152 (KZ2C00001691, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, PRKRb5; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 12.12.11 – 12.12.18; жарты жылдық купон жылдық 7,50 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Аталмыш облигацияларды орналастыру бойынша андеррайтер "ЦентрКредит Банкі" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ болады. Орналастырудың жарияланған көлемі 7 600 000 KZ2C0Y07E152 облигация (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 19,0 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – PRKRb5. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00 ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның таза бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санын тең болуы тиіс. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсы өтінімдердің бағалары бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/PRKR/prkrf9b5_2011.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.