"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y10C606 (KZ2C00001501, PDENb1) облигациялары бойынша 9-шы купонын төлеуі туралы хабарлады
24.01.12 11:49
/KASE, 24.01.12/ – "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Алматы) өзінің KZ2C0Y10C606
(KZ2C00001501, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық
бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, PDENb1; 100 теңге,
8,0 млрд теңге, 10.07.07 – 10.07.17; инфляция деңгейі бойынша
индекстелген жарты жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық
9,40 %; 30/360) облигациялары бойынша тоғызыншы купондық сыйақысын
төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат
жолдады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы
371 376 140,00 теңге құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды.
Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.