"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP04Y07C362 (KZ2C00001642, TSBNb10) облигациялары бойынша 1-ші купонын төлегені туралы хабарлады

23.01.12 10:30
/KASE, 23.01.12/ – "Цеснабанк" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 13 қаңтарында өзінің KZP04Y07C362 (KZ2C00001642, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb10; 1 теңге, 4,5 млрд теңге, 30.06.11 – 30.06.18; жылдық 8,0 %; жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары бойынша бірінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 180 000 000,00 теңге құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.