"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y10D612 (KZ2C00000826, KZTKb2) облигациялары бойынша 6-шы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,79175 % құрады

20.01.12 17:15
/KASE, 20.01.12/ – "Қазақтелеком" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZ2C0Y10D612 (KZ2C00000826, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZTKb2; 1 000 теңге, 45,5 млрд теңге; 30.10.09 – 30.10.19, құбылмалы жарты жылдық купон) облигациялары бойынша алтыншы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,79175 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 19 қаңтарына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,42 % пайызды құраған.