KASE "Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) KZPC1Y07B465 (KZ2C00001386, CSBNb5) облигацияларын KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

20.01.12 13:04
/KASE, 20.01.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Тәуекелдік комитеті 2012 жылдың 20 қаңтарынан бастап "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) KZPC1Y07B465 облигацияларын (KZ2C00001386, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы; CSBNb5; 20 000 теңге, 3,5 млрд теңге; 20.01.05 – 20.01.12; жылдық 9,30 % жарты жылдық купон 30/360) айналымда болу мерзімінің аяқталуына байланысты KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2012 жылдың 20 қаңтарынан бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0009349 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, KASE_BC – 0,9988601, KASE_BY – 1,6830252. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі үшін (К) 1,0009482, KASE_BC үшін – 0,9988747 және KASE_BY үшін - 1,6830259 тең болған. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу жоғарыда аталған шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бұрын бұл тақырып бойынша "Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) KZPC1Y07B465 (KZ2C00001386, CSBNb5) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды" атты KASE жаңалығы 2012 жылдың 20 қаңтарында http://www.kase.kz/ru/news/show/1161194 мекен-жайы бойынша жарияланды. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2012-01-20]