"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) KZPC1Y07B465 (KZ2C00001386, CSBNb5) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.01.12 11:24
/KASE, 20.01.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 20 қаңтарынан бастап "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) KZPC1Y07B465 (KZ2C00001386, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы; CSBNb5; 20 000 теңге, 3,5 млрд теңге; 20.01.05 – 20.01.12; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы соңғы кезеңге жылдық 9,30 %; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2005 жылдың 19 қаңтарынан бастап "А" категориясы бойынша енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына ауыстырылды. Олардың сауда- саттығы 2005 жылдың 20 қаңтарында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 6,00-ден 22,00 %-ға дейінгі аралықта құбылды. [2012-01-20]