"Сентрас Секьюритиз" АҚ "Пана Иншуранс" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының (Қазақстан) KZ1C41190014 (KZ1C00000223, PAIN) жай акциялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

19.01.12 16:26
/KASE, 19.01.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 27 қаңтарынан бастап "Пана Иншуранс" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының (Алматы) KZ1C41190014 (KZ1C00000223, KASE ресми тізімі, екінші санат, PAIN) жай акциялары бойынша маркет- мейкер міндеттерін атқарудан босатылды. Осы шешім KASE "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты ішкі құжатының 5 бабы 2 тармағына сәйкес маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды.