"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y10D596 (KZ2C00000156, KMGZb2) облигациялары бойынша 6-шы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,29175 % құрады

19.01.12 15:49
/KASE, 19.01.12/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZ2C0Y10D596 (KZ2C00000156, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZb2; 1 000 теңге, 120,0 млрд теңге; 31.10.09 – 30.10.19, құбылмалы жарты жылдық купон) облигациялары бойынша алтыншы купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,29175 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Өткен купондық кезеңде (2012 жылдың 19 қаңтарына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,92 % пайызды құраған.