"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
19.01.12 14:54
/KASE, 19.01.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің
2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C51460018, KZ000A0KEZQ2 жай
акцияларының жалпы саны 70 220 935 дана, артықшылықты
KZ1P51460114, KZ000A0RMTC3 акциялар саны – 4 136 107 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 114 463 жай акциясын және 2 073 276
артықшылықты акциясын қайта сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан
бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген
жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) болып
табылады, оның иелігінде компанияның 43 087 006 жай акциялары
(компанияның орнылыстырылған акцияларының жалпы санынан 57,95 %
немесе орналастырылған компанияның жай акцияларының 61,36 %) бар.
"Орталық бағалы қағаздар депозийтарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне
сәйкес аталған күні банктің 26 544 977 жай акциясының меншік иелері
туралы ақпарат ашылмаған.