"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
18.01.12 16:58
/KASE, 18.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Павлодар, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің
2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "ҚАЗРЕЕСТР" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C49190016, KZ1С00000611
жай акциялары) акцияларының жалпы саны 200 000 000 дана;
- компанияның 158 599 957 акциясы орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның
орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген
жалғыз тұлға "Орта Азиялық электрэнергетикалық
корпорациясы" АҚ (Алматы) болып табылады.