"СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

18.01.12 15:46
/KASE, 18.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "КАЗРЕЕСТР" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C57830016 жай акциялары) жалпы саны 150 000 000 дана; - компанияның 141 458 799 акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, яғни орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ (Алматы) болып табылады.