"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 16 және 17 қаңтарында Лондон қор биржасындағы 14 996 және 41 000 ЖДҚ кері сатып алғаны туралы хабарлады
18.01.12 15:14
/KASE, 18.01.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың
18 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп
хабарлады:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың
11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында,
2012 жылдың 16 және 17-қаңтары күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат
("ЖДҚ") үшін орташа бағасы 14,90 және 15,02 АҚШ долларынан Лондон қор
биржасында (LSE) орналастырылған 14 996 және 41 000 ЖДҚ сатып
алғанын хабарлайды.
Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері
Компания барлығы 1 592 760 ЖДҚ пен 4 051 жай акцияларды сатып алды.
Байланыстық ақпарат:
"ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7908)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz
"ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz
Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147
Елена Добсон
E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk
цитата соңы