EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (ENRC, Біріккен Корольдік) First Quantum Minerals Ltd. компаниясымен келісімге қол қойғаны туралы хабарлады

18.01.12 12:42
/KASE, 18.01.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 05 қаңтарындағы баспасөз- хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: First Quantum Minerals Ltd. компаниясымен оның қалдықтық активтерін сатып алу және оның Конго Демократиялық Республикасындағы кәсіпорындарына қатысты барлық талаптарды қанағаттандыру туралы жасасқан келісім Екі Компанияға да өздерінің стратегияларын жүзеге асыруды ілгерілету үшін мүмкіндік береді. Келісім белгілі бір шарттарды және міндеттемелерді орындаудан заңды түрде босату, мәмілені 2012 жылдың ақпанына дейін жасау талаптарымен уағдаластырылған. Лондон – Eurasian Natural Resources Corporation PLC ("ENRC" немесе еншілес компанияларымен бірге - "Топ") бүгін First Quantum Minerals Ltd. ("FQM") компаниясымен оның Кольвези (Kolwezi Tailings project) кен орнының, сонымен қатар Фронтьер (Frontier) және Лонши (Lonshi) кендерінің үйінділерін өңдеу жобасына қатысты талаптары мен активтерін жалпы өтем сомасы 1,25 млрд. АҚШ долларына сатып алу, сондай-ақ, осымен байланысты барлығы Конго Демократиялық Республикасында ("КДР"), Катанга провинциясында орналасқан кен орындарын барлауға қатысу және осы үлестік қатысуға байланысты ағымдағы барлық заңдық мәселелерді реттеу туралы келісімге келгені туралы хабарлады. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасы KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша жарияланған: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_050112.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_050112_e.pdf – ағылшын тілінде.