ҚҰБ ҚҚК "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Қазақстан) акцияларын 2011 жылдың 15 маусымынан 15 желтоқсанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

17.01.12 17:43
/KASE, 17.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 04 қаңтарындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2011 жылдың 15 маусымынан 15 желтоқсанына дейінгі кезеңде "ЦентрКредит Банкі" АҚ акциялары орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпаратына сәйкес, 2011 жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша "ЦентрКредит Банкі" АҚ 98 293 945 жай акциясы орналастырылмаған.