2012 жылдың 08 ақпанында "Алматытемір" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05C788 (KZ2C00001493, ALTMb1) облигацияларын ұстаушылардың кезектен тыс жалпы жиналысы болады

17.01.12 17:47
/KASE, 17.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алматытемiр" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 08 ақпанында сағат 11:00-де KZ2C0Y05C788 (KZ2C00001493, KASE ресми тізімі, "буферлі санат" санаты, ALTMb1; 1 теңге, 2,0 млрд теңге; 01.11.07 – 01.11.12; жарты жылдық купон жылдық 12,00 %; 30/360) облигацияларын ұстаушылардың кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе аталған облигацияларды қайта құрылымдау туралы мәселе болып табылады. Осы жиналыстың өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Әуэзов көш., 2. Оған қоса, "Алматытемір" АҚ "қосымша келісімдеулер жасау қажеттілігінің туындауы себебінен, облигацияларды ұстаушылардың 2011 жылдың 30 желтоқсанында өткен жиналысындағы шешімі жарамсыз деп танылсын. Осылайша, осы шешім Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңының 18-2 б.6 т. сәйкес, облигациялардың (НИН KZ2C0Y05C788) айналысын тоқтату үшін негіз болып табылмайды".