"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ өзінің акционерлерінен KZ1P33870117 (KZ000A0LE0R6, HSBKp) және KZ1P33870216 (KZ1P00000244, HSBKp1) артықшылықты акцияларын қайта сатып алуының нәтижелері туралы хабарлады
17.01.12 16:42
/KASE, 17.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы),
биржаға 2012 жылдың 17 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап,
былай деп хабарлады:
"Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Банк")
(050008, Алматы қ., Абай даңғ., 109 "В") 2011 жылдың 30 желтоқсанында
Банктік акционерлерінің шектелмеген шеңберінде орналастырылған
артықшылықты акциялардың және жай акцияларға айырбасталатын
артықшылықты акциялардың (бұдан әрі – Артықшылықты акциялар) бір
бөлігін сатып алуға өтінімдерді жинастыру аяқталғанын хабарлайды.
Акционерлер қайта сатып алуға тапсырған Артықшылықты акциялардың
жалпы көлемі мен бағасы Банк жариялаған көлем мен бағаның индикативті
көрсеткіштеріне сәйкес келмеуіне байланысты Банк Артықшылықты
акциялардың бір бөлігін инвесторлардың шектелмеген шеңберінен қайта
сатып алмауды ұйғарды.
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ баспасөз-қызметі
тел. +7 727 2 590 816
www.halykbank.kz