"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ биржаға өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды

16.01.12 16:10
/KASE, 16.01.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C39700014, KZ1C00000108 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 1 500 000 дананы құрайды; - компанияның барлық акцияларсы орналастырылған, банктің артықшылықты акциялары орналастырылмаған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банкі" АҚ (Алматы) болып табылады, оның иелігінде компанияның 1 490 906 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,39 %) бар.