"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

16.01.12 15:01
/KASE, 16.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушыларының тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C31450014, KZ000A1СТМF6 жай акцияларының жалпы саны 39 000 000 дана, артықшылықты KZ1P31450110, KZ000A1СТМG4 акцияларының саны – – 500 000 дана; - банктің 19 500 000 жай акциялары және барлық артықшылықты акциялары орналастырылған; - банк өзінің 180 211 жай акциясы және 87 131 артықшылықты акцияларын қайта сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "CASPIAN FINANCIAL GROUP (Каспиан Файнаншэл Груп)" АҚ (Алматы), болып табылады, оның иелігінде банктің 17 665 834 акциясы (банктің орналыстырылған акцияларының жалпы санынан 88,33 %), соның ішінде банктің 17 344 654 жай және 321 180 артықшылықты акциясы (банктің орналыстырылған артықшылық акцияларының жалпы санынан 64,24 %) бар. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес, көрсетілген күнге банктің 1 448 980 жай акциясының (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 7,24 %) иелері туралы ақпарат жарияланған жоқ.