"БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы"БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

16.01.12 12:26
/KASE, 16.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы"БТА Ипотека" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C44010011 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 280 000 000 дана; - компанияның 55 000 000 жай акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банк" АҚ (Алматы).