KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOM = 148,36 (+0,19)
16.01.12 12:02
/KASE, 16.01.12/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1
теңгемен (USDKZT_TOM) АҚШ доллары, Т+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро
және Т+1 АҚШ долларымен (EURUSD_TOM) еуро бойынша таңертеңгілік
сессиясы аяқталды. АҚШ-ында мереке күні болуына (Мартин Лютер
Кингтің күні) байланысты бүгін биржада Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD)
АҚШ доллары және есептесуі Т+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро
бойынша сауда-саттық өткізілмейді. USDKZT_TOM және EURUSD_TOM
үшін 2012 жылдың 16 қаңтарында осы сессия негізгі болып табылады.
Есептесуі T+1 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы
бір долларға 148,36 (+0,19 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі
83 600 мың. USD (+500 мың. USD) құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия
жабылу сәтіне сұраныс бір еуро үшін - 188,87 теңгені, ал ұсыныс
бір еуро үшін 190,70 теңгені құрады.
Есептесуі T+1 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.
Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.