Еуразия даму банкі Fitch Ratings агенттігі банктің рейтингілік бағалауларын растағаны туралы хабарлады

13.01.12 14:18
/KASE, 13.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразия даму банкі, биржаға 2012 жылдың 13 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Fitch Ratings халықаралық рейтингілік агенттігі Еуразия даму банкінің (ЕАДБ) ұзақмерзімді эмитент дефолтының рейтингін (ЭДР) "ВВВ" деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам - "позитивті". Сондай-ақ, Fitch қысқамерзімді ЭДР "F2" деңгейінде растады. Агенттік атап көрсеткендей, ЕАДБ рейтингілері банктің мықты капитализациясын және активтерінің мықты сапасын байқатады. Агенттіктің пікірінше, қазыналық активтердің сапасы өңірлік қаржылық ұйымдардың және тәуелсіз эмитенттердің несиелік сапасымен өзара тығыз байланыста. 2007 жылдан бері Банктің бизнесінің жылдам кеңеюіне қарамастан, оның капиталының активтеріне қатынасы жоғары деңгейде болды – 2011 жылдың шілде айының соңындағы жағдай бойынша 59 %. ЕАДБ қызметі қатысушы мемлекеттердің жеке меншік секторына бағытталған, дегенмен, ЕАДБ несие портфелі басқа көптеген халықаралық даму банктеріне қарағанда аз шоғырландырылған. Агенттіктік көзқарасы бойынша, ЕАДБ несиелендіру бойынша едәуір мықты қоры бар, және Fitch келесі жылдары несие портфелі анағұрлым аз қарқынмен болса да, тұрақты түрде өседі деп күтеді. Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: Юлия Остроухова, +77019912843, +79067701672 Михаил Мзареулов, +79032446025 pressa@eabr.org