"REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің өтінішіне сәйкес, биржада бағалы қағаздармен және туынды қаржылық құралдармен сауда-саттыққа қатысудан шеттетілді

13.01.12 10:40
/KASE, 13.01.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 13 қаңтарынан бастап биржада бағалы қағаздармен және туынды қаржылық құралдармен сауда-саттыққа қатысудан шеттетілді. Бұл шешім "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды бақылау мен қадағалау жөніндегі комитетіне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметпен айналысуға берілген лицензиясын өз еркімен тапсыруына байланысты 2012 жылдың 12 қаңтарындағы KASE мүшелігінен шығару туралы өтінішінің негізінде қабылданды. KASE Биржалық кеңесінің кезекті отырысында "REAL-INVEST.kz" қаржылық компаниясы" АҚ KASE.қор және жедел нарықтары мүшелігінен шығару туралы мәселе талқыланады.