"АБДИ Компани" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, ABDIb1) облигациялары бойынша 4-ші купонды төлеуін кідіртетіні туралы хабарлады

12.01.12 15:54
/KASE, 12.01.12/ – "АБДИ Компани" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хат жолдап, өзінің KZ2C0Y05C804 (KZ2C00000743, KASE ресми тізімі, "буферлі санат" санаты, ABDIb1; 10 000 теңге, 9,0 млрд теңге; 08.01.08 – 08.01.13; инфляция деңгейімен индекстелген жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 8,80 %) облигациялары бойынша төртінші купондық сыйақыны төлеуді кідіртетіні туралы хабарлады. Осы облигациялардың шығарылым аңдатпасына сәйкес, "АБДИ Компани" АҚ осы сыйақыны 2012 жылдың 08 қаңтарынан 17 қаңтарына дейінгі кезеңде төлеуі қажет. Хатында "АБДИ Компани" АҚ былай деп мәлімдеді: Бүгінгі күні Компанияның негізгі несие берушілері "ЦентрКредит Банкі" АҚ (бұдан әрі Банк) және облигация ұстаушылар ("ҰларYмiт" ЖЗҚ АҚ, "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ, "Индустриалды Қазақстан" ЖЗҚ АҚ (бұрынғы "Қазақмыс" ЖЗҚ АҚ), "Астана" ЖЗҚ" АҚ).болып табылады. 2009 жылдан бастап, Компанияның қаржылық жағдайын ескере отырып, Банк 2010 жылдың қаңтарынан бастап сыйақылар мен негізгі қарызды төлеу мерзімдерін шегіндіру туралы шешім қабылдады. Осы шегіндірілген мерзім 2012 жылдың қаңтарында аяқталады. Банктің бастамасымен және Несие берушілер комитетінің демеуімен Компанияны 2011 жылдың 24 қазанында "Қазақстан қаржыгерлерінің бірлестігі" ЗТБ көмегімен алынған Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бойынша мемлекеттік бағдарламаға (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) қатыстыру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта компания сасалық органнан сараптамалық қорытындыны күтуде, сонымен қатар тәуелсіз кеңесші "Делойт ТСФ" ЖШС Компанияны сауықтырудың қаржылық моделін құруда, артынан ол барлық Несие берушілермен келісімделеді. Бағдарламаға кірудің мерзімі Ведомстволық комиссия қарастырған жағдайда, 01.03.2012 жылға дейін шектелген. Осылайша, негізгі несие беруші – Банк бізге облигацияларды ұстаушылармен қарызды қайта құрылымдау туралы келіссіөздерді бастауды ұсынды. Төртінші купондық кезеңге сыйақы сомасы 308 740 960,00 теңгені құрайды. Компанияның айналымынан осы соманы алынатын болса, оның қаржылық жағдайының күрт төмендеуіне және сатылымдардың негізгі кезеңінің үзілуіне әкеледі. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, төртінші купондық кезең бойынша сыйақыны төлеу Компанияны ңқиын қаржылық жағдайының себебінен мүмкін емес екендігін мәлімдейміз. Облигациялары бойынша дефолтқа жол берген листингілік компаниялардың тізімі KASE веб-сайтында "Эмитенттер" бөлімінде ("дефолт"салымшасында) http://www.kase.kz/kz/emitters мекен-жайы бойынша жарияланған. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.