"ЦентрКредит Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZPC4Y10B653 (KZ2C00000503, CCBNb11) облигациялары бойынша 12-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

12.01.12 12:41
/KASE, 12.01.12/ – "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 11 қаңтарында өзінің KZPC4Y10B653 (KZ2C00000503, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, CCBNb11; 100 теңге, 2,0 млрд теңге, 27.12.05 – 27.12.15; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 9,60 %; 30/360) облигациялары бойынша он екінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 96 000 000,00 теңге құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.