ҚҰБ ҚҚК "Баян Сұлу" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтырулары тіркеді

12.01.12 12:34
/KASE, 12.01.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Алматы), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 23 желтоқсанында тіркеп, "Баян Сұлу" АҚ қаржылық есеп берушілігінің аудитін өткізетін аудиторлық ұйым туралы мәліметтердің өзгертілуіне және толықтырылуына байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BSUL/bsulf9_izm_231211.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.