"Альянс Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің 2011 жылдағы қызметінің алдын ала қорытындыларын жариялады

11.01.12 17:41
/KASE, 11.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 11 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Альянс Банкі" АҚ өткен 2011 жылдың алдын ала қорытындысын шығарды. Банк ҚҚК-іне беретін шоғырландырылмаған, аудиттелмеген есебінің негізінде құрастырылатын қаржылық есебіне сәйкес (2011 жылдың 12 айындағы ақырғы айналымдарды есепке алмағанда), Альянс Банкінің таза кірісі 13 387 млн. теңгені құрады. 2011 жылдың басымен салыстырғанда, осы кезеңде Банк активтері 5,9%-ға (28 633 млн. теңгеге) өсіп, 518 075 млн теңгеге теңелді. Тамыз айында банктің мәселелі бөлшек портфельдің айтарлықтай үлесі сатылып және бұл активтердің өсу қарқынына әсер етті. Банк міндеттемелері, 2011 жылдың басымен салыстарғанда, 66 072 млн. теңгеге немесе 14,5%-ға ұлғайып, 521 674 млн. теңгені құрады. Депозиттік портфель 84 911 млн. теңгеге немесе 40,8 пайызға өсті және жалпы сомасы 292 798 млн. теңге болды. Жеке тұлғалардың салымдары 47,7% артса (35 874 млн. теңге), заңды тұлғалардың салымдары 37 пайызға (49 037 млн. теңге) өсті. Бұл банк атағының тұрақты түрде жақсарып келуін айқын дәлелдейді. Банктің меншік капиталының жетіспеушілігі ҚР Ұлттық Банкінің 2011 жылғы шілдеде жаңа "3300 – Резервтерді (провизияларды) түзету шотын" енгізу салдарынан қалыптасып және 3 599 млн теңгені құрады. Ал Банктің реттеуші капиталы (пруденциалды нормативтерді есептеуге қолданылады) бұрынғыдай оң болып және 2011 жылдың қорытындысы бойынша 68 млрд. теңгеден асады. ҚР Ұлттық Банкінің ҚҚК қойған барлық пруденциалды нормативтерін Банк қосымша қормен сақтап келеді. Банктің несие портфелі 9 928 млн. теңгеге немесе 1,8%-ға қысқарды. Бұл негізінен мәселелі бөлшек заемдар пулын (өтеу мерзімі екі жылдан астам кешіктірілген қарыздар) сату есебінен, сондай-ақ Банк алынған пайда есебінен балансты тазарту үшін "жаман банк" заемдарын жою арқылы қол жеткізілді. Жеке тұлғаларға несие беру өсімі, 2010 жылдың қорытындысымен салыстырғанда, 327% болса, шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру 119 пайызға артты. цитата соңы Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасын KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша көруге болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_110112.pdf – қазақ және орыс тілдерінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_110112_e.pdf – ағылшын тілінде.