EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (ENRC, Біріккен Корольдік) Қарағанды облысы әкімдігімен өзара ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойғаны жайында хабарлады

11.01.12 17:02
/KASE, 11.01.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (Лондон), биржаға 2012 жылдың 11 қаңтарындағы баспасөз- хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) және Қарағанды облыстық әкімдігі арасында 2012 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы меморандум жасалды. Тиісті құжатқа ENRC PLC бас атқарушы директоры Феликс Вулис және Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов қол қойды. Әдеттегі үрдіс бойынша тараптар ірі бизнестің қолдауын талап ететін басым бағыттарды іріктеді. Оның ішінде корпорация денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, сондай-ақ тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсетуді дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыруды жалғастыруда. Меморандумның жалпы сомасы 723,3 млн теңгені құрады. Қаржыландыру ENRC құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ және «ENRC Көмек» Корпоративтік қоры арқылы жүзеге асырылады. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасын KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GB_ENRC/gbenrc_reliz_110112.pdf мекен-жайы бойынша көруге болады.