"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 10 қаңтарында Лондон қор биржасындағы 50 000 ЖДҚ кері сатып алғаны туралы хабарлады
11.01.12 16:43
/KASE, 11.01.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың
11 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп
хабарлады:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың
11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында,
2012 жылдың 10-қаңтары күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ")
үшін орташа бағасы 14,89 АҚШ долларынан Лондон қор биржасында (LSE)
орналастырылған 50 000 ЖДҚ сатып алғанын хабарлайды.
Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері
Компания барлығы 1 401 888 ЖДҚ пен 3 951 жай акцияларды сатып алды.
Байланыстық ақпарат:
"ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7908)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz
"ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz
Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147
Елена Добсон
E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk
цитата соңы