/KASE, 11.01.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands),
биржаға 2011 жылдың 30 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын
жолдап, былай деп хабарлады:
Бүгін Тетис Петролеум Лимитед компаниясы (бұдан әрі– "Тетис" немесе
"Компания" (TSX:TPL)) Қазақстанда мұнай тасымалдау және өткізу туралы
жаңартылған ақпаратын жариялады.
Қысқы ауа-райының аса жағымсыз болуы себебінен, мұнай тасымалданатын
жолдардың бір бөлігін жергілікті билік органдары жауып тастады. Бұл
Шалқардан Ембіге дейінгі Мұғалжар тауымен өтетін жолдың солтүстік
қиығы – көбіне қар басып қалатын таулы аймақ. Ембіге дейінгі жолдар
бойынша автотасымалдаулар ауа-райы оңалғаннан кейін қайта басталады
деп күтілуде, болжамдар бойынша ауа-райы жақында жақсарады. Бүгінгі
күні автоцистерналармен тасымалданатын мұнайдың желтоқсанда
өндірілген көлемі орта есеппен тәулігіне 1860 баррель мұнайды құрады
бнс).
Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасын KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_301211.pdf
мекен-жайы бойынша көруге болады.