Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымы өзінің Директорлар кеңесінің 2011 жылдың 30 желтоқсанындағы шешімдері туралы хабарлады

11.01.12 12:04
/KASE, 11.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымы (Алматы), биржаға 2011 жылдың 30 желтоқсанында өзінің Директорлар кеңесі келесі шешімдерді қабылдағаны туралы хабарлады: 1. Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі Ольга Константиновна Дергунова 2011 жылдың "30" желтоқсанынан бастап Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы ретінде сайлау. 2. Компаниялар тобы үшін қаржыландыру шектелімін 27 000 000 (жиырма жеті миллион) АҚШ долларынан артық емес сомада бекіту. 3. ЖШС үшін қаржыландыру шектелімін 2 068 080 000 (екі миллиард алпыс сегіз миллион сексен мың) теңгеден артық емес сомада бекітуді мақұлдау, баламасы 14 000 000 (он төрт миллион) АҚШ доллары. 4. Банктің есептік кезеңге басқарушылық есеп берушілігіне назар аудару. 5. Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі арасында несиелендіруді қайта жандандыру туралы келісім жасау. 6. Банктің аффилиирленген тұлғасымен мүдделі мәміле жасасу.