/KASE, 11.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресмитізімінде тұрған "Альянс Банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың
10 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:
"Альянс Банкі" АҚ ("Банк") Жарғысына сәйкес, Банктің артықшылықты
акциялары бойынша дивидендтер қаржылық жыл аяқталған күннен бастап
алғашқы 10 (он) жұмыс күні ішінде бір артықшылықты акция үшін 100
(жүз) теңге есебінен төленеді деп қарастырылған. Шығарылған және
айналыста жүрге артықшылықты акциялардың жалпы саны 2,619,626
дананы құрайды.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының (ҚР) 1993 ж. 13 мамырындағы
№ 415 "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының ("Заң") 22 бабына сәйкес,
меншікті капиталдың мөлшері кері көрсеткішті болғанда немесе қоғамның
меншікті капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидентер төлеу
нәтижесінде кері көрсеткішті мәнге ие болатын болса немесе ҚР
банктроттық туралы заңнамасына сәйкес, қоғамның төлемге қабілетсіздігі
немесе дәрменсіздігі белгілері бар болса немесе қоғам өзінің акциялары
бойынша двидендтер төлегеннен кейін осындай белгілері пайда болса,
дивидентер есептеуге және төлеуге жол бермейді.
Тиісінше, 2011 жылдағы қызметінің нәтижелері бойынша Банктің
артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу келесі жағдайларда
жүзеге асырылады:
1. Халықаралық қаржылық есеп берушіліктің стандарттарына (ХҚЕС)
сәйкес даярланған және аудиторлық ұйым мақұлдаған 2011 жылдың
жылдық қаржылық есеп берушілігіне сәйкес, 31.12.2011 ж. жағдай
бойынша Банктің меншікті капиталының мөлшері кері көрсеткішті
болып табылмайды;
2. артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер есептеу Банктің
меншікті капиталының көлемі ХҚЕС сәйкес даярланған және
аудиторлық ұйым мақұлдаған 2011 жылға қаржылық есеп
берушілікке сәйкес, кері көрсеткішті болуына әкелмейді;
3. артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде
ҚР банкроттық туралы заңнамасына сәйкес, Банктің төлеуге
қабілетсіздігі және дәрменсіздігі белгілері пайда болмайды.
Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасын KASE веб-сайтында келесі
мекен-жайлар бойынша көруге болады:
-
http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_100112.pdf –
орыс тілінде;
-
http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_100112_e.pdf –
ағылшын тілінде.